Түркістанда кезекте тұрған 300-ге жуық тұрғын баспаналы болды

Sputnik
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Республика күні қарсаңында Түркістан қаласында 260 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға тапсырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, азаматтарға баспана кілтін табыс етті.
Түркістанда 300-ге жуық тұрғын баспаналы болды
Түркістан қаласының "Отырар" секторы аумағында 20 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның ішінде 9 тұрғын үйді "Бастау" корпорациясы арқылы сатып алу жұмыстары жүргізіліп, кезекте тұрған азаматтарға үлестірілуде. 3 тұрғын үй 123 көпбалалы отбасына, 129 халықтың "әлеуметтік жағынан әлсіз топтары" санатына енетін азаматтарға және 8 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға берілді.
Түркістанда 300-ге жуық тұрғын баспаналы болды
Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде баспанаға мұқтаж 16 515 азамат тұр. Жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл облыс орталығында кезекте тұрған 222 отбасы арендалық баспанамен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар жыл соңына дейін кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1728 пәтерлі 20 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Министр тұрғын үй төлемдері алдымен кімдерге берілетінін айтты