Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

Sputnik
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түскен.
Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды. Бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді.
Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды.
Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындап жатыр.
Ақмола облысында көпбалалы жүкті әйел қайтыс болды