АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы арқылы Қазақстаннан Қытайға құны 4 миллион доллардан асатын мыңға жуық ақбөкен мүйізін алып өту фактісі анықталды.
Контрабандалық жүкті қазақстандық шекарашылар анықтаған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлағандай, ақбөкен мүйіздері полицияға тапсырылды. Заңсыз жүктің иелері мен оны қабылдап алушылар туралы хабарланбады.