Алматы облысында пәтер өртенді: бір адам зардап шекті

Sputnik
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Алматы облысы Қаскелең қаласында бес қабатты үйден өрт шығып, бір адам зардап шекті.
Төтенше жағдайлар минситрлігінің хабарлауынша, бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер өртенген.
Құтқарушылар 5 адамды эвакуациялады.15 тұрғын өздігінен далаға шықты.
Өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Жалын 70 шаршы метр жерді шарпыған.
Салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Алматы хостеліндегі өрт: күдіктілерге қандай айып тағылды