АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Енді Киевтің НАТО-ға мүшелігі туралы жаңа шешім қабылдаудың қажеті жоқ, соғыс жағдайындағы ел альянсқа мүше бола алмайды, деді Германия канцлері Олаф Шольц ZDF екінші неміс телеарнасына берген сұхбатында. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Біз Вашингтон мен Вильнюсте шешім қабылдап, келешекті сипаттадық. Бірақ қазіргі уақытта бұл шешімнен басқа жаңа шешім қабылдаудың қажеті жоқ деп есептеймін", - деді канцлер.
Оның айтуынша, соғысып жатқан ел альянсқа мүше бола алмайды. Сонымен қатар, ол қазір "соғыстан кейінгі жағдайдағы қауіпсіздік кепілдіктері мәселесін талқылау" туралы" екнін айтты.