Талғарда изолятордан қашып кеткен күдікті ұсталды - полиция

Sputnik
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Алматы облыстық полиция департаменті Талғарда төрт күн бұрын тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады.", - делінген ресми хабарламада.
Ұсталған ер адам баланы зорлағаны үшін айыпталып отыр. Оны ұстау үшін "Сирена" жоспары енгізілген болатын. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылды.
Іздестіру шараларына ТЖД жеке құрамы және қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіріп отыр.