РФ үкімет басшысы Қазақстан халқына жылы лебізін білдірді

Sputnik
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Ресей Федерациясы үкіметінің басшысы Михаил Мишустин Қазақстан халқын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.
Ол елдің премьер-министрі Олжас Бектеновтың атына жолдаған хатта қазақ халқына жылы лебізін білдірді.
"Достас Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың ауқымды міндеттерін шешуде және азаматтардың әл-ауқатын арттыруда үлкен жетістіктерге жетті. Достық, стратегиялық әріптестік және одақтастық қағидаттарына негізделген Ресей-Қазақстан қатынастары үдемелі түрде нығайып келеді. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық артуда, энергетика, өнеркәсіп, ғылым, білім беру, мәдениет және басқа да салаларда ірі бірлескен жобалар іске асырылуда", - деп атап өтті Мишустин.
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияны тереңдету бойынша қазақстандық әріптестермен белсенді жұмыс істеуге дайын екендігін де сөз етті.
"Достас Қазақстан халқына бақыт пен өркендеу тілеймін", - деді РФ үкімет басшысы.
Әлем елдерінің көшбасшылары Қазақстанды Республика күнімен құттықтады