АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. Ақтау теңіз портында Республика күні қарсаңында "Шапшаң" жылдам көліктік-десанттық катері салтанатты жағдайда суға түсірілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бұл Маңғыстау облысында жасалған алғашқы қайық екенін атап өтті. Ол кеме жасаушыларға алғысын білдіріп, әскери теңізшілерге жетістік тіледі.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қайыққа сәт сапар тіледі.
Іс-шараның соңы Әскери-теңіз күштері оркестрі орындаған марштар мен Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің әртістері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кетейік, су сыйымдылығы 31 мың тонналық катер экипаждың төрт мүшесіне арналған. Оған 20 теңіз жаяу әскері сыйып кетеді. Жүзу қашықтығы 450 миль, жылдамдығы 45 түйін.
Диверсияға қарсы қайық теңізде және өзендердің сағаларында операциялар жүргізуге, жабдықталмаған жағалауға десант тасымалдауға және оларды атыспен қолдауға, медициналық эвакуациялауға және апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге арналған.