"Туған күнге де ақша жинамаймыз": министр жемқорлықпен қалай күресіп жатқанын айтты

Төтенше жағдайлар министрі құтқарушылардың жағдайын жақсарту шаралары туралы баяндап берді.
Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жемқорлықпен қалай күресіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілісте өткен отырыста министр құтқарушылардың жағдайын жақсарту шаралары туралы баяндап берді. Ал депутаттар жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатқанын сұрады. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде құтқарушылар арасында туған күнге де ақша жинамайды.
"Жемқорлықпен күрес жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда министрлік тарапынан, аймақтық департаменттерінің басшылығы тарапынан ешқандай ақша жинау, іс-шараларға ақша жинау деген дүниелер мүлдем жоқ. Тіпті, қазір туған күнге де ақша жинамаймыз", - деді Әрінов.
Айтуынша, алдағы уақытта құтқарушыларға тұрғын үй төлемдері де беріледі.