Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның алдында тұрған проблемалар мен міндеттер туралы айтты

Кездесу "Россия сегодня" халықаралық медиа тобының алаңында өтті
Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов жетекші ресейлік БАҚ басшыларымен кездесті, деп хабарлады РИА Новости.
Кездесу "Россия сегодня" халықаралық медиа тобының алаңында өтті, оны медиа-топтың бас директоры Дмитрий Киселев жүргізді.
ҰҚШҰ Бас хатшысы ұйымның алдында тұрған проблемалар мен міндеттер туралы ашық айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Тасмағамбетов пен журналистер ұйымның қызметін белсендірек насихаттау мақсатында өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін де талқылады.
1992 жылдың 15 мамырында Ташкентте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылды. Қазір ҰҚШҰ-ға алты мемлекет мүше: Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан. 2024 жылдың ақпанында Армения премьер-министрі Никол Пашинян ұйымға мүшелікті уақытша тоқтататынын мәлімдеді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға Қазақстан төрағалық етеді.