РФ СІМ Солтүстік Кореямен арадағы келісімде құпия қосымшалар бар екенін жоққа шығарды

Мемлекеттік Дума Ресей мен КХДР арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады
Sputnik
АСТАНА, 24 қазан - Sputnik. Ресей Федерациясы мен КХДР арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісімнің мұндай құпия қосымшалары жоқ, деп хабарлады журналистерге РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Келісім ашық, ол жарияланады. Онда қосымшалар жоқ. Онда бәрі анық және нақты жазылған. Құпия келісімдердің уақыты өтті", - деді Руденко Батыстық БАҚ-тағы қол қойылған келісімде құпия тармақтар бар деген ақпаратқа түсініктеме беріп.

Мемлекеттік Дума бейсенбі күні пленарлық отырыста Ресей мен КХДР арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады.