Путин: Ресей Ұлыбританияда тәртіпсіздікке әкелетін арандатушылыққа бармайды

Қазанда 22-24 қазан аралығында БРИКС саммиті өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 24 қазан - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясы Ұлыбритания көшелерінде тәртіпсіздік пен бүлікке әкелетін әрекеттер жасайды деген мәлімдемелерді "бос сөз" деп атады. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Сұрақтың осы бөлігін еске түсіргеніңізге рахмет. Бұл бос сөз", - деді Ресей басшысы XVI БРИКС саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында. Путинге журналистердің бірі Ресей Ұлыбритания қоғамда тәртіпсіздік пен бүлікке әкелетін әрекеттер жасайды ма деген сұрақ қойған болатын.

Путин Еуропаның кейбір қалаларының көшелерінде болып жатқан оқиғаларды "осы мемлекеттердің ішкі саясатының салдары" деп айтты.
Қазандағы БРИКС саммиті 22-24 қазан аралығында өтіп жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұйымға Ресей төрағалық етіп отыр. Сондықтан саммит Қазан қаласында ұйымдастырылды. Жалпы Ресейдің БРИКС-ке төрағалығы "тең жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтылықты нығайту" ұранымен өтуде.
БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік, оған 2011 жылы Ресей, Қытай, Үндістан және Бразилия қосылды. 2024 жылдың басынан Мысыр, Эфиопия, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясы мүше болды.