АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов келесі жылдан бастап құтқарушыларға тұрғын үй төлемдері берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде министрлікке қарасты құрылымдарда жұмыс істейтін мамандарға тұрғын үй төлемін беру мәселесі пысықталып жатыр. Оны келесі жылы іске қосу жоспарланған.
"Әлеуметтік қолдауды жақсарту шеңберінде төтенше жағдайлар қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін төлеу мәселесі шешілуде. Төлемдер келесі жылдан бастап бірінші кезекте өрт сөндірушілерге және жекелеген санаттарға беріледі", - деді Әрінов мәжілісте өткен отырыста.
Айта кетері, қазіргі кезде құқық қорғау және қорғаныс саласында тұрғын үй төлемі беріледі.