Тоқаев Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды

Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Сапар аясында Қазақстан президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.