АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортына енгізген шектеулері Қазақстанға аса әсер етіп отырған жоқ, деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьер бұл негізінен Өзбекстаннан келетін өнімдерге қатысты екенін айтты.
“Мұны анық түсіну керек. Бұл бұрыш, қызанақ, қауындар, олар Қазақстанға әкелініп, тазартылып, кейін қайта экспортталады”, - деді Жұманғарин.
Бұл қазақстандық фермерлерге емес, қайта экспорттаумен айналысатын нақты кәсіпкерлерге қатысты, деп түсіндірді премьер-министрдің орынбасары.
Бұл ретте Қазақстан Ресеймен осы мәселелерді талқылап жатыр, бірақ бұл жылына бірнеше рет туындайтын жұмыс барысындағы жағдай, деді Жұманғарин.
“Біз үшін Ресей Федерациясы арқылы өтетін өнімдеріміздің транзитіне мұндай тыйым салынған жоқ. Бұл тұста “Россельхознадзор” берген шешімде “тыйым жоқ” деп жазылғанын анық айту керек. Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін өнімдерге тыйым салуды қоспағанда. Бұл өте маңызды тармақ”, - деді премьер-министрдің орынбасары.
Жұманғарин сондай-ақ Қазақстанның Астық одағындағы азаматтарға “сауда соғысы”терминін қолданбау жөнінде ескертті. Оның пікірінше, мұндай терминдерді қолданатын мәлімдемелерлі олар журналистер алдында өз маңыздылығын көрсету үшін жасайды.
“Мынадай микрофон синдромы бар: журналист микрофон ұстап, сұрақ қойған кезде маңызды нәрсе айту керек. Астық одағындағы кейбір азаматтар “сауда соғысы” секілді термин қолданып жатыр. Мен олардың бұл сөздермен нені айтып жатқанын түсіне де алмаймын”, - деді Жұманғарин.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей бидай, қызанақ және бұрыш импортына тыйым салған болатын. Бұған дейін “Россельхознадзор” Қазақстан арқылы АҚШ, Польша, Бельгия және Нидерландыдан санкция салынған ауыл шаруашылығы өнімдерінің Ресейге әкеліну жағдайларына алаңдаушылық білдірді.
Мұндай шешім Қазақстанның құзырлы ведомстволарының шаралар қабылдамауы салдарынан және Ресей аумағының фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, деп түсіндірді “Россельхознадзор”.