Қазақстанның астығы биыл қай елдерге сатылады

Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Биыл Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға бағаланып отыр. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстанға астық жеткізуді жалғастыра береді. Биыл осы бағыттарда шамамен 4,2 млн тонна сатылады.
“Қытайға астық экспорты 2023 жылы 1,4 млн тоннаны құрап, жылына 5,5 есе өсім көрсетті. Бірақ Қытай органдарының талаптарына байланысты шекарада кідіріс мәселесін, сондай-ақ Қытайдағы қазақстандық астық импортына лицензиялар мен квоталар сияқты күрделі шарттарды пысықтау маңызды”, — деді Төребаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал Түркия мен Таяу Шығыс елдеріне экспорттың әлеуеті 1 млн тоннаға жуық бидайды құрайды. Сондай-ақ, бірқатар елде өнімділіктің төмендеуіне байланысты Италия, Латвия, Испания сияқты Еуропалық Одақ елдерінің нарығына да шығуға болады.
“Иран нарығына жеткізілімдерді қалпына келтіру маңызды, арпа бойынша біз қазір динамиканы көріп отырмыз. Қазақстандық бидай брендін Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Малайзия сияқты жаңа нарықтарда ілгерілету жөніндегі жұмыс жандандырылады, онда импорттың өсуі болжанады”, — деп атап көрсетті Қайрат Төребаев.
Қытайға астық экспорты 6 есеге артты