АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қант қызылшасының рекордтық көлемі жиналатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде қант қызылшасы 10 мың гектарда немесе жалпы көлемінің 40 проценті жиналды. Соның өзінде өнімнің жалпы көлемі 549 мың тоннадан асып отыр. Осылайша, бір гектардан 540 центнер қызылша шықты.
“Биыл қант қызылшасының рекордтық өнімі күтіледі”, - деді Сапаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері жаңа өнімді қант зауыттарына жеткізу мәселесін қарастырып, әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісінің жинау кестесіне сәйкес қызылшаны қабылдау кестесін жасап қойды. Бүгінгі күні өңдеуге 432 мың тонна қант қызылшасы жеткізілді.