Қазақстан мен ЕЭК кедендік цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бақылау бекеттерін жаңғырту ынтымақтастықтың маңызды бөлігіне айналды
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық комиссия кедендік цифрландыру және бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Бұл туралы кеңесте Қазақстанның қаржы вице-министрі Біржанов пен ЕЭК кедендік ынтымақтастық министрі Давыдов айтты.
Олар ЕАЭО аясындағы кедендік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, бұл:
өткізу пункттерін жаңғырту;
кедендік рәсімдерді цифрландыру;
навигациялық пломбаларды пайдалану;
тауарлардың кедендік құнын анықтау;
Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының бақылау шараларын қабылдауы және тағы басқа мәселелер.
Қазақстандық тарапқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен сынақтан өткізу нәтижелері бойынша “Бақылау паспортының” функционалы көрсетілді.
Тараптар сондай-ақ кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасуға дайын екенін растады.
Сондай-ақ ЕАЭО аясындағы қарым-қатынастардың қазіргі әлеуетін арттыру және тұрақты негізде бірлескен кездесулер мен консультациялар өткізу қажеттігі туралы келісті.
ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізуді 2025 жылдың мамырына дейін аяқтауды көздейді