Қазақстан АИ-92 бензинін ЕАЭО-дан тыс жерлерге әкетуге салынған тыйымды ұзартпақ

Қазіргі тыйым 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды, енді оны 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту ұсынылды
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстан аумағынан ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге салынған тыйымды 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуды көздейтін бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды жнергетика министрлігі.
Қазіргі тыйым 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.
Бұйрық жобасын әзірлеуге энергетика, сауда және интеграция, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қатысты.
Министрліктің хабарлауынша, жанар-жағармайдың "сұр" экспортының ай сайынғы көлемі 10 мың тоннаға жетеді.
"Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісім шеңберінде Қазақстан мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу шарттарында импорттауға мәжбүр және тиісінше Ресей тарапының ЕАЭО-дан тыс жерлерге жанар-жағармайдың кері экспортына тыйым салу жөніндегі талаптары ескеріледі", - делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, осылайша "жабын тауарлары" деген атпен мұнай өнімдерін әкетуге бақылауды күшейту талап етіледі.
Мұнай өнімдерін ЕАЭО-дан тыс жерлерге әкетуге тыйым салу:
қазақстандық МӨЗ-дің жұмыс істемейтін қуаттарын жүктеуге және тиісінше елдегі автобензин тапшылығын азайтуға;
бажсыз жеткізу шарттарын орындауға және ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары құрылғанға дейін импорттық мұнай өнімдерінің кері экспортын алып тастауға мүмкіндік береді.
Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. 2024 жылдың 7 қарашасына дейін жария талқылауға ұсынылды.