АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин биыл үкіметтің “басын ауыртатын” мәселені айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл республика бойынша 26,5 млн тонна астық бастырылды. Соның ішінде 12,5 млн тоннаны экспортқа сату жоспарланып отыр.
“Бұл - үлкен мақсат. Себебі бұған дейін 12,5 млн тоннаны ешқашан сатқан емеспіз. Соның ішінде 7,5 млн тонна - бидай. Негізгі мәселе осы, бидайды сату керек. Ал майлы дақылдарға басымыз ауырмайды. Өйткені оны алуға ұзынсонар кезек тұр”,- деді Жұманғарин үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, бүгін үкіметте жиналған астықтың қай елдерге сатылатыны жайында айтылды.