БРИКС елдерінің Қазан декларациясы жарияланды

"Әділ жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтылықты нығайту" атты БРИКС елдерінің Қазан декларациясы Кремль сайтында жарияланды
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. БРИКС елдері көпжақтылық пен БҰҰ-ның халықаралық жүйедегі орталық рөлін сақтауға бейілділігін растады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Әділ жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтылықты нығайту" атты БРИКС елдерінің Қазан декларациясы Кремль сайтында жарияланды.
"Біз жаңа билік орталықтарының, саяси шешімдер қабылдаужәне экономикалық өсу орталықтарының пайда болуын атап өтеміз. Бұл әділетті, демократиялық және теңдестірілген көпполярлы әлемдік тәртіптің негізін қалауға қабілетті", - делінген құжатта.
"Көпполярлық дамушы елдер мен дамып келе жатқан нарықтық елдерге олардың сындарлы әлеуетін ашу және барлығына тиімді инклюзивті және әділ экономикалық жаһандану мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейте алады" деп атап көрсетілген.
"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының БҰҰ жарғысында оның ажырамас іргелі элементі ретінде бекітілген мақсаттар мен қағидаттарды қоса алғанда, көпжақтылық пен халықаралық құқықты сақтауға және БҰҰ-ның халықаралық жүйедегі орталық рөлін сақтауға өз міндеттемесін растаймыз", - делінген декларацияда.
БРИКС елдерінің басшылары сондай-ақ "БҰҰ Хатшылығында және басқа да халықаралық ұйымдарда әділ және инклюзивті географиялық кадрлық өкілдікті уақытылы қамтамасыз ету қажеттігін" атап өтті.