БРИКС елдері ортақ қауіпсіздікті қорғаушылар ретінде әрекет етуі керек - Си Цзиньпин

Қазанда 22-24 қазан аралығында БРИКС саммиті өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Бейбіт БРИКС ұйымын құру және ортақ қауіпсіздікті қорғаушылар ретінде әрекет ету қажет. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазанда өткен БРИКС-тің кеңейтілген саммитінің отырысында айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз бейбіт БРИКС құруымыз керек және ортақ қауіпсіздікті қорғаушылар ретінде әрекет етуіміз керек", - деді Қытай басшысы.
Си Цзиньпин ортақ, жан-жақты, ынтымақтастыққа негізделген және тұрақты қауіпсіздік тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы ғана жаһандық қауіпсіздікке жол табуға болады деді.
Қазанда 22-24 қазан аралығында БРИКС саммиті өтіп жатыр.
БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік. 1 қаңтардан бастап БРИКС-ке Ресей төрағалық етті. Жыл қауымдастыққа жаңа мүшелердің қосылуымен басталды – қазір ұйымға Ресей Федерациясынан, Бразилиядан, Үндістаннан, Қытайдан және Оңтүстік Африка Республикасынан басқа Мысыр, Эфиопия, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясы кіреді.
Ресейдің БРИКС-ке төрағалығы әділ жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтылықты нығайту ұранымен өтуде. Ресей өзінің төрағалығы аясында 200-ден астам саяси, экономикалық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырады.
БРИКС елдері орасан зор экономикалық, ғылыми және саяси әлеуетке ие - Путин