БРИКС елдері орасан зор экономикалық, ғылыми және саяси әлеуетке ие - Путин

Қазанда 16-шы БРИКС саммиті өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. БРИКС елдерінің экономикалық, ғылыми және саяси әлеуеті зор, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Қазанда өткен БРИКС саммитінде.
Путин бірлестіктің кеңеюі оның тиімділігінің төмендеуіне әкелмеуі керектігін айтты. Оның айтуынша, бұл тақырып Қазанда өткен БРИКС саммитінің қорытынды декларациясында көрсетілуі керек.
“Әрине, жаһандық Оңтүстік және Шығыс елдерінің БРИКС-пен байланыстарды нығайтуға деген бұрын-соңды болмаған қызығушылығын елемеу дұрыс емес", - деді Путин.
Ол сондай-ақ көпполярлы әлемдегі түбегейлі өзгерістер туралы айтты. Ресей президенті БРИКС елдері әлемнің болашағы үшін жауапкершілікті “сөзбен емес, іспен көрсетіп, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздік саласындағы істердің жай-күйіне оң әсер етіп, өзекті аймақтық проблемаларды шешуге маңызды үлес қосып отырғанын мәлімдеді.
“Бұл әлемдік көпшілік деп аталатын халықаралық қоғамдастықтың мақсаттарына жауап беретін жаһандық аренадағы БРИКС бағытындағы стратегияның мәні. Дәл осы бағыт әлемде шын мәнінде күрт өзгерістер болып жатқан қазіргі жағдайда сұранысқа ие”, - деді Путин шектеулі форматтағы БРИКС саммитінің отырысында.
Сондай-ақ ол қазір көпполярлы әлемді қалыптастыру процесі жүріп жатқанын айтты. Ол БРИКС-ке мүше елдерді пікірлес деп атап, олардың барлығы теңдік, тату көршілік пен өзара сыйластықты, достық пен келісімнің биік идеалдарының орнығуын, жалпыхалықтық гүлдену мен игілікті қолдайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазанда 30-дан астам мемлекет өкілдерінің қатысуымен БРИКС XVI саммиті өтіп жатыр. Тікелей эфирді мына жерден көруге болады.