Алматыда Республика күніне орай дрондар шоуы өтеді

Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Республика күнін мерекелеу аясында алматылықтарға дрондар шоуы ұсынылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматыда Республика күнін мерекелеу құрметіне орай 2024 жылы 25 қазанда дрондар шоуы өтеді:
сағат 21.00-де Абай алаңында, Республика сарайының алдында
сағат 21.30-да Астана алаңында.
Сонымен қатар, 25 қазан күні сағат 20.00-де "Көктөбе" телемұнарасында мерекелік сәулеттік жарықтандыру қосылады.