Талғарда изолятордан қашып кеткен күдікті әлі табылған жоқ - полиция

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған күдікті қашып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департменті. Ол зорлық жасады деген күдікке ілінген болатын.
Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді.

"Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Күдікті қалай қашқанын анықтау үшін қызметтік тексеріс жүргізіледі. Жағдайды облыстық полиция департаментінің басшылығы тікелей бақылауға алған.
Таразда жақында түрмеден шыққан ер адам үйімен бірге әйелін өртеп жіберген