АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Ресей мен Қытай мамырда Бейжіңде және шілдеде Астанада өткен екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді дәйекті түрде орындап келеді, деп хабарлады РФ президенті Владимир Путин.
"Мамыр айындағы Бейжіңдегі келіссөздеріміз бен Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясындағы кездесудің нәтижесінде қол жеткізілген практикалық уағдаластықтар дәйекті түрде орындалып жатыр, - деді Путин Қазандағы БРИКС саммиті аясында өткен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінде.
Қазан қаласындағы БРИКС саммиті 22-24 қазан аралығында өтеді
БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік, оған 2011 жылы Ресей, Қытай, Үндістан және Бразилия қосылды. 2024 жылдың басынан Мысыр, Эфиопия, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясы мүше болды.
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли қазіргі уақытта және жақын болашақта Қазақстан БРИКС-ке мүшеліктен өтініш беруден бас тартатынын айтқан болатын. Осыған қатысты Ресей СІМ басшысы "ұйымға қосылу міндетті емес, бірақ нақты жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастық орнатуда күмән жоқ" деп пікір білдірді.