Қазан қаласында Абай ескерткіші ашылады

Ескерткіш орнатылып қойған, бірақ қазір полиэтиленмен қаптаулы тұр
Sputnik
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Қазандағы БРИКС саммиті аясында Назарбаев көшесінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылады, деп хабарлайды "БИЗНЕС Online" порталы Татарстан мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.
Портал ескерткіштің орнатылып қойғанын, бірақ әлі де полиэтиленмен қаптаулы тұрғанын жазды.
"Алдын ала мәлімет бойынша ашылу салтанаты 24 қазанда қазақстандық тараптың қатысуымен өтеді. Бюст саябақта 2018 жылы орнатылған Тайқаздың қола ескерткішінің жанында орналасқан", - делінген хабарламада.
Тайқаз Түркістандағы Ахмет Ясауи мешітінде тұрған қазанның дәл көшірмесі екені хабарланды.