АСТАНА, 22 қазан - Sputnik. БАӘ мен ЕАЭО жыл соңына дейін еркін сауда аймағын құру туралы келісім жасасуды жоспарлап отыр.
"Бұл қауымдастық елдерімен экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған үлкен және маңызды қадам болады", - деді БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян.
Әмірліктермен ЕАЭО еркін сауда аймағын құру туралы келіссөз 2023 жылдың көктемінде басталды.
ЕАЭО еркін сауда аймағына қазіргі уақытта Иран, Вьетнам, Сербия және Сингапур кіреді.
Еркін сауда аймағы туралы тағы бес ел келіссөз жүргізуде: Үндістан, БАӘ, Мысыр, Индонезия және Моңғолия.