АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалынан ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Атап айтқанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады, кей облыстарда күндіз найзағай ойнайды деп болжанып отыр.
23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады.
24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді және тұман түседі.
Температура фонында күрт өзгеріс болжанып отырған жоқ.