АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ұлыбританияда Маргарет Тэтчерге Қазақстан халқы атынан табысталған "Достық" ордені сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Орденнің фотосы интернет-дүкендердің бірінде жарияланды. Оны 12,5 мың фунт стерлингке немесе 7,9 миллион теңгеге бағалап отыр. Сатушылар орденнің жақсы сақталғанын, бірақ қорабында сызылып қалған жерлер бар екенін жазды.
"Достық" ордені Маргарет Тэтчерге 2001 жылы Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін табысталған.
Айта кетері, Маргарет Тэтчер 1979-1990 жылдар аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі болған. Консерваторлар партиясын басқарды.