Ақтөбелік полицей алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Сот шешімімен экс-полицейге 2 250 000 теңге көлемінде айыппұл салынды
Sputnik
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ақтөбе қаласында учаскелік инспектор алаяқтық үшін ірі айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тергеу материалына сәйкес, биыл жазда сотталушы №2 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы болып жүргенде күдіктіге қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға уәде берген. Ал өз көмегі үшін 500 мың теңге сұрапты. Шын мәнінде ондай көмек көрсете алмаған. Оған қызметтік өкілеттілігі жетпеген. Соған қарамастан алаяқтық жолмен ақша тапқысы келген.
25 маусымда Toyota Camry көлігінде полицей ақшаның жартысы – 300 мың теңгені алған жерінде ұсталды. Сотта ол өз кінәсін мойындап, өзіне айыппұл салуды сұрады. Ал прокурор оны 2 жыл 7 айға бас бостандығынан айыруды ұсынды.
Сот шешімімен экс-полицейге 2 250 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеуге тыйым салынды.
Қостанай облысында экс-полицей 15 жылға сотталды