Алматыда жүздеген көлік заңсыз тіркелді – 17 адам ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматы қаласында көлік құралдарын заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.
Оларға ХҚКО қызметкерлері де көмектескен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Тіркеуге заңсыз қойылған көліктердің бірегей коды өзгерткен, құжаттарын да қолдан жасады. VIN-кодтарды жерасты цехта ауыстырған. Бүгінде тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды.
"Бұл іске халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері мен делдалдардың қатысы анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. Қазіргі кезде 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді", – дейді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ресми өкілі Қуандық Алпыс.
Қылмыстық топтың әрекетінен мемлекетке шамамен 320 млн теңгеден астам залал келді. Алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық істер қозғалды.