Үйдің қақпасын, газ құбырын соққан: Алматыда жол апаты болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 қазан - Sputnik. Алматыда көлік газ құбыры мен жеке тұрғын үй қақпасына соғылды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті.
Оқиға Наурызбай ауданында 20 қазанға қараған түні 04:10 шамасында болған.
"Тойота Камри көлігі Сәбденов көшесімен батыс бағытта келе жатып, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кетіп ақ түсті Тойота көлігімен соқтығысады. Салдарынан жеке үйдің қақпасын бұзып кіріп кетеді. Үйге де зақым келтіреді. Сондай-ақ газ құбырын соққан", - дейді ведомство.
Оқиғаға кінәлі жүргізуші дене жарақаттарын мен ауруханаға жатқызылады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.