Астанада математикадан халықаралық олимпиаданың 12-турнирі өтіп жатыр

Финал 2025 жылдың маусым айының соңында Болгарияның Несебр қаласында өтеді
Sputnik
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Астанада IT-мектеп "Алтын Орда" алаңында "Математика шекарасыз" халықаралық олимпиадасының 12-ші турнирі өтіп жатыр. Оған Астана мектептерінің 1-12 сынып оқушылары қатысуда, деп хабарлады Innovation ғылыми білім беру орталығы.
Астанада "Математика шекарасыз" халықаралық олимпиадасының 12-ші турнирі өтіп жатыр
Олимпиадаға қатысушылардың барлығы сертификат алады, ал жеңімпаздар алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.
Олимпиаданың үш кезеңі оқу жылы барысында өтеді:
Күзгі тур: 2024 жылдың 20 қазаны
Қысқы тур: 2025 жылдың 2 ақпаны
Көктемгі тур: 2025 жылдың 6 сәуірі
Финал 2025 жылдың маусым айының соңында Қара теңіз жағалауында, Болгарияның Несебр қаласында өтеді. Финалға кем дегенде екі турға қатысқан оқушылар шақырылады. Финал шынайы зияткерлік күреске айналады, онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалар өз білімін көрсетіп, күрделі математикалық есептерді шешеді.
Астанада "Математика шекарасыз" халықаралық олимпиадасының 12-ші турнирі өтіп жатыр
Қазақстандық оқушылардың олимпиадаға қатысу тарихында ең талантты балалар әлемнің үздік университеттеріне, соның ішінде Лига Плющ университеттеріне түскен.