Астанада хабар-ошарсыз кеткен 3 адам табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Елорда аумағында "Қаңғыбас" атты жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Нәтижесінде хабар-ошарсыз кеткен үш адам және іздеуде жүрген бірнеше күдікті анықталды, деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Елорданың полиция департаменті хабарлағандай, рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, сондай-ақ құқықбұзушылық жасады деген 6 адамды ұстады.
"Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары оның оралуынан үміт үзбеген. 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық", - делінген ПД хабарламасында.
Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты.
Көрші мемлекеттерде іздеуде жүрген 9 күдікті Түркістан облысында ұсталды