Алматыда дәмхана өртенді

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 қазан - Sputnik. Алматыда "Күнжүт" дәмханасы өртенді, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
20 қазан сағат 12:20-да Алмалы ауданы Мақатаев көшесіндегі дәмхана өртенді.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде шатыр өртеніп жатты. Ғимараттан 3 газ баллоны шығарылды. Өрт 5 минутта жойылды", - дейді ведомство.
Өрттен зардап шеккендер жоқ, неден шыққаны анықталып жатыр.
Алматы хостеліндегі өрт: күдіктілерге қандай айып тағылды