АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Далматов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Қанатай Далматов 1978 жылы Алматы облысында туған. ҰҚК әскери институты мен Орталық-Азия университетін тәмамдаған. Зайсан шекара бекетінің бастығы болды. ҰҚК-ның бірқатар маңызды қызметтерінде басшылық қызмет атқарды. 2019 жылдан бастап ҰҚК-ның Шекара қызметі директорының орынбасары болды.
Айта кетейік, соңғы бір айда Ұлттық қауіпсіздік комитетінде маңызды өзгерістер болды. 16 қыркүйекте Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызмет басшысы Руслан Сейсембаевты қызметінен босатты, ал Асқар Әмерханов та сол күні комитет басшысының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен кетті.