Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей СІМ Украинаның НАТО-ға қосылу қаупін атады

Sputnik
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазіргі жағдайда Киевтің НАТО-ға қосылуы Украинадағы қақтығысты саяси және дипломатиялық жолмен реттеу мүмкіндіктерін тоқтатады. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігі ТМД елдері бойынша 2-ші департаментінің директоры Алексей Полищук айтты, деп хабарлайды Риа Новости.
Ол Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийяртоның мәлімдемесін осылай түсіндірді. Аптаның басында ол Украинаның қазіргі жағдайда НАТО-ға кіруі үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуын білдіреді деп мәлімдеген еді.
"Біз Украинаның НАТО-ға қосылу қаупі туралы үнемі ескертеміз", - деді Полищук.
Оның айтуынша, қазіргі жағдайда бұл Украинадағы қақтығысты саяси және дипломатиялық жолмен реттеу мүмкіндіктерін тоқтатады және альянстың Ресейге қарсы соғыс қимылдарына қатысуын болдырмайды.