Құтқарушылар күніне орай 500-ден астам қызметкер марапатталды

Sputnik
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Бүгін төтенше жағайлар министрлігінде құтқарушы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті , деп хабарлайды веомствоның баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға министрліктің басшылығы, жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қонақтар қатысты.
Сотрудников МЧС и госорганов наградили в День спасателя
Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құттықтау сөзімен ашып, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
"Күнделікті ерліктеріңіз қоғам үшін баға жетпес іс және әрқайсыларыңызды осы үшін мен мақтан тұтамын. Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтеріңізді жоғары бағалап, сіздерді әлеуметтік, тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамсыздандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады", - деді министр өз құттықтауында.
ТЖМ, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 571 қызметкері түрлі марапатқа ие болды. Құтқарушыларға медальдар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етілді.
Мерекелік іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтті.
Елімізде құтқарушылар күні аталып өтіп жатыр