Павлодар облысында агроөнеркәсіп саласы 500 млн теңге шығынға ұшырады

Павлодар облысының прокуратурасы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласында тексеру жүргізді
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Павлодар облысының прокуратурасы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласында тексеру жүргізді.
"Кейбір жағдайларда осы салада жалған әл-ауқатты көрсету үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу туралы есеп беру ақпараты бұрмаланған. Іс жүзінде субсидиялау процесі тек формалды түрде өтінімерді қабылдап, бюджет қаражаты бөлінген", - дейді ведомство.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан шамамен 500 млн теңге шығын келген.
"Мысалы, 2 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 млн теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған", - дейді прокуратура.