Атыраудағы бірнеше көпқабатты үй жылусыз қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. Атырауда көпқабатты 15 үйге жылу беру кезінде апат болды, деп хабарлайды Ақжайық порталы.
Атыраудағы кейбір көпқабатты үйлердің тұрғындары жылуға жете алмай отыр.
"Жерұйық ықшам ауданындағы № 17/1, 17/2, 17/3, 17/4, 17/5 үйлерде әлі жылу жоқ. Күн райы бұлтты, үй суық. Ал үйде зейнеткерлер мен балалар бар. Неліктен төтенше жағдайдың алдын алу үшін алдын-ала дайындалу мүмкін болмады", - деп шағымданады аудан тұрғындары.
Бүгін таңертең әкімдіктің телеграм-каналына бірнеше шағын аудан тұрғындарынан жылуға байланысты түрлі сұрақтар келіп түсті.
Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналддық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Эльдар Кариполлаевтың айтуынша, барлық 1033 көппәтерлі үйге жылу берілді.
"Төтенше жағдайға байланысты кейбір үйлерге жылу беру уақытша тоқтатылды, жұмысшылар бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Мысалы, Балықшы ықшам ауданындағы № 20 үйдің 5 қабатында жылу құбыры сынған. Осыған байланысты жылу беруді уақытша тоөтата тұруға мәжбүр болдық. Қазіргі уақытта қалада 15 көпқабатты үйде апаттық жағдай орын алып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады әкімдік.