Ақмола облысында есірткі зертханасы жойылды

Sputnik
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті Ерементау ауданындағы прокуратура органдары үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды комиеттің баспасөз қызметі.
Нарколабораторию ликвидировали в Акмолинской области
Ерейментау тұрғыны есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстан азаматы қамауға алынды.
7 кг-ға жуық "мефедрон" психотропты заты, 100 литрден астам прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.