Ресей мен Қазақстан жылу электр стансасын салу мәселесін талқылап жатыр

Sputnik
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ресей мен Қазақстан үш ЖЭС салу мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлады РФ үкіметі.
Екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 25-ші отырысына Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук пен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қатысты.
"Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тату көршілік пен тығыз ынтымақтастық қағидаттарына негізделген және үкіметаралық комиссия отырысы аясында біз күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын қарастырып жатырмыз", - деп атап өтті Алексей Оверчук.
Тараптар сауда-экономикалық, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылаудың ақпараттық жүйелерін біріктіру, мәдениет, ғылым, білім және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың жылдық қорытындысын шығарды.
Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимыл және бірлескен ұстанымдарды дамыту мәселелері талқыланды. Сәуірде Қазақстан мен Ресей Қазақстанның үш қаласында – Көкшетау, Семей және Өскеменде көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.
Сондай-ақ "Интер РАО – Экспорт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Самұрық-Энерго" АҚ өкілдік ететін ұйымдар анықталды.
Құрылыс 2025 жылы басталады.