Қарағанды облысында үш кенші жарақат алды – біреуінің жағдайы ауыр

Sputnik
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қарағанды облысындағы Саран шахтасында үш кенші жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде екі кенші үйіне жіберілді.
"Екеуі үй жағдайында емделіп жүр, тағы біреуі стационарда, жағдайы ауыр, қажетті медициналық көмекті алып жатыр", - дейді дәрігерлер.
Айта кетері, наурыз айында Саран шахтасында 43 жастағы кенші көз жұмды. Ол құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан қайтыс болған.
Қоғам
Енді шахтерлер арнаулы әлеуметтік төлем алады