АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Владимир Путин Мәскеуде БРИКС бизнес-форумында сөз сөйледі. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков айтқандай, форум БРИКС саммитінің ажырамас бөлігі болады.
"Осы бизнес-форумда Путин сөз сөйлейді деп күтілуде, сонымен қатар біз бірқатар елдердің мемлекет басшыларының бейне үндеулерін тыңдаймыз", - деді Ушаков.
Естеріңізге сала кетейік, БРИКС саммитінің негізгі шаралары Қазанда 22-24 қазанда өтеді. Шараға 30 елдің басшылары келеді деп күтілуде. Бүгін Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазанға сапарын растады.