Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин: Ресей Украинадағы қақтығысты тезірек тоқтатқысы келеді

Sputnik
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ресей Украинадағы қақтығысты мүмкіндігінше тезірек тоқтатуға мүдделі, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
Путин жұма күні БРИКС елдерінің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесу өткізді.
"Біз оны мүмкіндігінше тезірек және, әрине, бейбіт жолмен аяқтауға мүдделіміз", - деді Путин.
Оның айтуынша, Ресей Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен тоқтату бойынша диалог жүргізуге дайын, бірақ 2022 жылғы құжат негізге алынуға тиіс.
"Бірақ Украина тарапы келіссөз жүргізу мүмкін емес деп есептейді. Олар өз талабын қойып отыр. Бұл келіссөз емес қой. Әуелде бізбен келіссөз жүргізді, Ыстамбұлда уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін оны тоқтатты, осымен бәрі бітті", - деді Путин БРИКС-ке мүше елдердің БАҚ өкілдерімен кездесуінде.