БРИКС елдерінсіз адамзат өмір сүре алмайды – Путин

Sputnik
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. БРИКС елдерінсіз адамзат өмір сүре алмайды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин БРИКС-ке мүше елдердің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесуінде мәлімдеді.
"Кейбір салалар бойынша адамзат БРИКС елдерінсіз мүлдем өмір сүре алмайды. Азық-түлік, энергетика нарықтарын айтып отырмын... Сонымен қатар жоғары технологиялық салаларды, мысалы жасанды интеллект пен оны қолдануды дамыту саласын атап өтуге болады" , - деді Путин.
БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік. Биылғы жыл қауымдастыққа жаңа мүшелердің қосылуымен басталды. Ресей Федерациясы, Бразилия, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африкадан басқа оның құрамына қазір Египет, Эфиопия, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясы кіреді.
БРИКС әлемдік экономикаға қосқан үлесі бойынша G7-ні басып озды – Путин