БРИКС әлемдік экономикаға қосқан үлесі бойынша G7-ні басып озды – Путин

Ресей президенті БРИКС бизнес форумында сөз сөйледі
Sputnik
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин БРИКС бизнес форумында сөйлеген сөзінде БРИКС әлемдік экономикаға қосқан үлесі бойынша G7-ні басып озғанын айтты.
2024 жылдың соңына қарай БРИКС елдерінің ЖІӨ-нің орташа өсу қарқыны 4%-ды құрайды деп болжануда, бұл әлемдік деңгейден жоғары, деді Путин.
Ол сондай-ақ БРИКС-тің жаһандық экономикада маңызды рөл атқаратынын және бұл рөлдің арта түсетінін айтты. Сонымен қатар БРИКС елдерінің экономикалық өсуі сыртқы әсерге азырақ тәуелді болады.
"Қауымдастықтың жалпы ішкі өнімі 60 триллион доллардан асады. Жаһандық жалпы өнімдегі үлес "Жетілік" тобының үлесінен асып түседі. Мысалы, 1992 жылы әлемдік ЖІӨ-нің "Жетілік" тобыныкі– 45,5%, дәл сол жылы БРИКС елдерінікі - 16,7%. Ал қазір біздің қауымдастықта - 37,4%, ал Жетіліктікі 29,3%-ды құрайды. Бұл сөзсіз өсе береді деген сөз", - деді Путин.
Сондай-ақ ол Ресейдің БРИКС елдерімен инновациялар мен цифрлық экономика саласында тығыз қарым-қатынаста екенін айтты.
"БРИКС дүниежүзілік тауарлар экспортының шамамен төрттен бірін құрайды. Сонымен қатар қауымдастық елдерінің компаниясы көптеген негізгі нарықта, соның ішінде энергетикалық ресурстар, металдар, азық-түлік, яғни онсыз тұрақты экономикалық даму мүмкін емес тауарлардың нарықтарында жетекшілік етеді", - деді Путин.
БРИКС жаһандық экономикада бүгінде маңызды рөл атқарып отыр, бірақ бұл рөл ертең де арта түсетіні анық, деді Ресей президенті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Владимир Путин БРИКС бизнес форумында сөз сөйледі.