Тоқаев ШЫҰ бюджетін атқару туралы хаттаманы мақұлдады

Хаттама 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданысқа енгізіледі
Sputnik
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Тоқаев "2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу жөніндегі хаттамаға қол қою туралы" 2024 жылғы 15 қазандағы Жарлыққа қол қойды.
Құжат Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үлестік жарналарының мөлшерін қарастырады.
Атап айтқанда:
Ресей – 17,6%;
Қытай – 17,6%;
Қазақстан-15,2%;
Өзбекстан – 12,6%
Қырғызстан-7,6%;
Тәжікстан-6%;
Пәкістан-5,9%;
Үндістан-5,9%;
Беларусь-5,8%;
Иран-5,8%.
Қазақстан атынан хаттамаға премьер Олжас Бектенов қол қояды, сондай-ақ қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етіледі.
Хаттама 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданысқа енгізіледі және депозитарий тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күшіне енеді.