АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Қызылорда облысында "Қызыл кітапқа" енген сұңқарларды аулаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды полиция.
Ол "Қызыл кітапқа" енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған.
Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес екі құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.